Нұрқанұлы мәлікзада сөзі

Сырбай Мәуленов

0
0

Бөлісу:


Бұлдырады жыр әлемі,
Сарала тозаң сағымдай.
Әкеңнің салған әуені
Жөнелді ағып ағындай.
Елтіді ол асқақ әуенге,
Балқыды Нұрқан жырымен.
Әлдилеген әуелде,
Қаз тұрды ана тілімен.
Шырақтай түнде жанып тік,
Анаға жасап ізетті,
Дүниені бүкіл тәрік қып,
Әкенің жырын түзетті.
Жыршы боп шықты ақыры,
Ішінде өрті лаулаған,
Торғайдың болды ақыны,
Әкесінен аумаған.
Еікейіп бір күн құлады,
Әкенің құшып қабірін.
Торғайда дөңдер жылады,
Еңсесін басып ауыр мұң.
Көз жұмып кеште ол жатты
Әкесінің қасына
Бір күмбезді ел орнатты
Екеуінің басына.
Жанына таппай ем азық,
Жоқтауын айтты ел енді.
Бір күмбез тұр құлазып,
Құшақтап екі өлеңді.
Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Нұрқанұлы мәлікзада, Нурканулы маликзада сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016