Николай тихоновқа сөзі

Сырбай Мәуленов

0
0

Бөлісу:


Қан толқып, Нева, Волхов суларында,
Қоршауда Ленинград тұрғанында.
Окопта бірге болып жүретұғын,
Біздермен сенің солдат жырларың да.
Назия жататұғын сылдыр қағып,
Қелгендей қарт Невадан бір жыр алып
Тұрғандай болушы еді тыңдап соны,
Волховтың көк орманы бұйраланып.
Орыстың кең пейілді байтақ жанын,
Қалайша тіл жеткізіп айта алармын.
Алдында шабуылдың жадыма алып,
Өзіңнің жырларыңды қайталадым.
Батырлық қанып ішкен бұлағынан,
Қайратың көк құрыштай суарылған.
Жай күнде жас баладай жан екенсің,
Көргенде шықтым сені құмарымнан.
1951
Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Николай тихоновқа, Николай тихоновка сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016