Нева толқындары сөзі

Сырбай Мәуленов

0
0

Бөлісу:


Сонау түнек заманда
Еркін құлаш соза алмай.
Тұрды Пушкин жағаңда,
Нева, сенен көз алмай.
Мың адамның кескіні
Арпалысып ойыңда.
Жүрді Гоголь кешкілік
Нева, сенің бойыңда.
Түстің қиын күндерде
Төсегіңнен мың аунап.
Жүрді Блок түндерде,
Нева, сенен жыр аулап.
Жырдан үлес мол алдың
Дей алмассың олқым бар.
Ойлары ғой солардың
Төсіңдегі толқындар.
Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Нева толқындары, Нева толкындары сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016