Назия сөзі

Сырбай Мәуленов

0
0

Бөлісу:


Станция, Назия,
Кішкене өзен Назия,
Қырық екінші жылдың біз
Болдық онда жазында.
Ізі де жоқ үйлердің,
Белгісі жоқ тіршілік,
Кішкене өзен Назия
Уһілейді күрсініп.
Көрген кезде жиылды,
Тұла бойға бар ашу.
Станция Назия,—
Тұрды алда қанды асу.
Қайта кеуде көтерді,
Бүгілген бел жазыла.
Станция Назия,
Кішкене өзен Назия.
1944
Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Назия, Назия сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016