Нарзан қайнары сөзі

Сырбай Мәуленов

0
0

Бөлісу:


Аспанның ақ бұлтын ап,
Жер астына сүңгіген.
Бұлақ болып бұрқылдап,
Атқылаған үңгірден.
Табиғаттың таңғы шақ
Құйып алған ауасын.
Жақсы дәрігер жанға ұсап,
Тапқан жүрек дауасын.
Көрінгендей өзінен
Мөлдір ауа, бұлт көбік.
Елең-алаң кезінен
Ентелейді жұрт келіп.
Ширағандай бәрі де
Шипа судан бір ішіп.
Қуанғандай кәрі де
Жас боп қайта күлісіп.
Шаңға батқан қашанғы
Арам ойлы арзан жан.
Жұртқа пайда жасауды
Үйренсін сол Нарзаннан.
Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Нарзан қайнары, Нарзан кайнары сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016