Наманганға келемін сөзі

Сырбай Мәуленов

0
0

Бөлісу:


Дариялардың ағысымен,
Көк иірім бау ішімен.
Кернейлердің даусымен,
Намангаға келемін.
Орта Азия гүліменен,
Оттай ыстық күніменен.
Жүрегімде туып өлең,
Намангаға келемін.
Құшақтап қызыл тандыр нанды,
Жұтып жұпар жаңбырларды,
Жанның шөлін қандырғалы,
Намангаға келемін.
Өзбектердің тұз-дәмімен,
Бірге жанып күз бағымен,
Бірге билеп қыздарымен,
Намангаға келемін.
Қарай-қарай алға асыға,
Қолды созып алмасына,
Ән боп соған жалғасуға,
Намаганға келемін.
Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Наманганға келемін, Наманганга келемин сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016