Миллиард сөзі

Сырбай Мәуленов

0
0

Бөлісу:


Алып күшті диқандар шың тұлғалы,
Жатты ма әлде жыр жазып тың туралы.
Қара мақпал қою түн қойынында,
Жер оттары жұлдыз боп жылтылдады.
Миллиард үшін басталып жаңа жорық,
Бірге аттанды кәрі, жас бала болып.
Қызыл қырман таулары қырда орнап,
Тербетілді тың күйге дала толып.
Құбылмалы болса да күз ызғарлы,
Жылытты оны диқанның қызу қаны.
Жал-жал болып жонында аңыздардың,
Комбайншы ерлердің ізі қалды.
Бір мен миллиард қанша алыс аралары,
Біледі оны кішкене бала-дағы.
Бірден бастап миллиардты жалғыз аттап,
Жанды бүгін қайтадан дала бағы.
Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Миллиард, Миллиард сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016