Меруерт сөзі

Сырбай Мәуленов

0
0

Бөлісу:


Тырналар көкте тырулап,
Құрақтар көлде суылдап.
Бұлттар жапты аспанды,
Күз өмірі басталды.
Алабұртып әр күні,
Құйды көктің жауыны.
Ұбақ-шұбақ жауған нұр —
Ала жаңбыр, ақ жаңбыр.
Түсті бұлттың үзіліп,
Мөлдіреген меруерті.
Меруерт бидай тізіліп,
Кірді жаңа жер көркі.
Даңқын жайып жер-көкке,
Келтіруге ел көркін,
Бара жатыр мектепке,
Менің-дағы Меруертім.
1957
Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Меруерт, Меруерт сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016