Мен москва қолтығында сөзі

Сырбай Мәуленов

0
0

Бөлісу:


Мен қазір Москваның қолтығында,
Жүземін Москва өзен толқынында.
Жүйткідім көктен түсіп, жер астымен,
Кеудеме кең ауасын толтырдым да.
Қақты да қыран құстай жыр қанатты,
Менімен Лермонтовтар бірге ақты.
Пушкин тұр бұйра шашын ағартуға
Көп жауған көне қарлар қия алмапты.
Москва — қонақтайтын қонысы ойдың,
Москва — отаны ғой Толстойдың.
Солармен табиғат бір туыстырды,
Демеспін мені олардан алыс қойдың.
Қарсы алып Москваның жаңа күнін,
Еркіндеп кең көшеде барады інім,
Сен оның кеудесіне,
зердесіне
Мол құйдың Лениннің даналығын.
Бұрқырап жатса-дағы жалындарың,
Ешкімге басыңды иіп табынбадың,
Білеміз бір кездерде күлкі болып,
Есінен Наполеон жаңылғанын.
Сонау бір қиын соғыс күндерінде,
Шыққанда екі дүние бірме-бірге.
Сыпырып қара түннің кіреукесін
Көтеріп түрдың сонда күнді өмірге.
Өзіңде талай рет болғаныммен,
Москва,
көз тоймайтын арманым ең.
Айналып аспаныңнан бір сүйейін,
Қазақтың аңқылдаған ақ жанымен.
Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Мен москва қолтығында, Мен москва колтыгында сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016