Мектеп сөзі

Сырбай Мәуленов

0
0

Бөлісу:


Көкке бойы өрлеген,
Көк шатырлы мектебім.
Өткізіп ем сенде мен
Өмірімнің көктемін.
Бойды билеп қуаныш
Саған алғаш барып ем.
Дүниеге тым алыс
Жас кезімді салып ем.
Толқыны ойнап сезімнің
Толғана сенен шыққанмын,
Өмірімдей өзімнің
Әліппеңді ұққанмын,
Жылдар озып кетсе де
Жылы көрем жүзіңді.
Отырғанда кеңседе
Ұмытпан сол кезімді.
Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Мектеп, Мектеп сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016