Майдан жолында сөзі

Сырбай Мәуленов

0
0

Бөлісу:


Жүре бердік түк үнсіз,
Үзіліссіз, тынымсыз.
Кірпік ілмей ұйқысыз,
Жүре бердік шылымсыз.
Жүре берді ормандар
Танкілерді бүркеген.
Байқамады жау оны,
Тіміскілеп тінтіген.
Самолеттің барлаған
Аспанда тек гүрілі.
Жоқ болады жарқ етіп,
Алыста оттың дірілі.
Көп түн жаяу жүреміз,
Жатыр алда жол қанша.
Шіркін соғыс, соғыс па,
Жаяу әскер болмаса!
1942. Волхов майданы
Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Майдан жолында, Майдан жолында сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016