Магнит аспаны сөзі

Сырбай Мәуленов

0
0

Бөлісу:


Ұласып жалын бұлтпенен,
Тау үстіне бекінді.
Комбинат түсі күп-күрең,
Айбынын атқан секілді.
Сол кезде көкпен астасып,
Көкала түтін ойнады.
Күркілдеп кокс от шашып,
Бұрқылдап болат қайнады.
Тау үстіне жалыннан,
Жап-жасыл аспан орнады.
Темірдің отқа қарылған,
Жосылып жатты жолдары.
1950
Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Магнит аспаны, Магнит аспаны сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016