Ленинградтағы марс алаңында сөзі

Сырбай Мәуленов

0
0

Бөлісу:


Жатыр алан —
Қызыл гүлден
Қолға Қызыл ту ұстап,
Жатыр алаң —
Қызыл күннен
Қызыл отты уыстап.
Жатыр алаң —
Жалпақ елге әйгілі.
Жатыр алаң — бейне мұхит айдыны
Жатыр алаң —
Дүниеге даңқы асқан.
Жатыр алаң —
Жарқыраған
Гранитті жартастан.
Көк шыршалар
Басын иіп ізетпен,
Көк шыршалар —
Революция құрбандарын күзеткен.
Олар сонау Октябрьдің таңында,
Оққа ұшқан Қысқы Сарай жанында,
Қандары бар Октябрьдің таңында,
Рухтары айналған от-жалынға.
Жатыр сонда, халқым,не бір аяулың,
Бір күрсінбей ете алмайды көкірек,
Жалынменен жазып өмірбаянын
Мәңгіліктің қалған олар оты боп.
Демесеңіз құрбандарда
Тек қимыл жоқ, дауыс жоқ.
Марстың гүл алаңында
Жанып жатыр Марс боп.
Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Ленинградтағы марс алаңында, Ленинградтагы марс аланында сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016