Ленин мавзолейінде сөзі

Сырбай Мәуленов

0
0

Бөлісу:


Төсекте ұйықтап қана жатқан жандай,
Дүние үміті жүзінде сақталғандай.
Келбетінен көзіңе жарқ етеді,
Болашақтың бейнесі атқан таңдай.
Ауыр ойлар ауысып бір басыңнан,
Лениндей өтесің күн қасынан.
Өміріңнің түйінін, тағдырыңды,
Соның ғана табасың тұлғасынан.
Мавзолейге ту етіп ел жүрегін,
Құйылады керуені дүниенің.
Болашаққа қолынан аттандырып,
Нұр құяды кеудеңе ұлы Ленин,
1949
Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Ленин мавзолейінде, Ленин мавзолейинде сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016