Ленин қарапайымдылығы сөзі

Сырбай Мәуленов

0
0

Бөлісу:


Қарапайым оның жүріс, тұрысы,
Қарапайым ақтарыла күлісі,
Қарапайым алғашында басталып,
Бітеді оның керемет боп ұлы ісі.
Қарапайым үстіндегі киімі,
Кепкасын да қызық кейде киюі.
Қарапайым сөйлеп кетсе бірақ та,
Басқалардан шығар биік иығы.
Қарапайым оның барлық қимылы,
Ол — өмірдің, өмір оның сыйлығы.
Қарапайым айтылса да қалт болмай,
Орындалып жатады оның бұйрығы.
Жұмысшының, матростың, шаруаның,
Тыңдайды ол көкейдегі арманын.
Әңгімемен сезбейді ол көбіне
Кремльге таянып та қалғанын.
Жолықса оған жұрттың бәрі жаңарып,
Шығады одан өміріне нәр алып.
Күннен биік, терең мұхит түбінен —
Қарапайым лениндік даналық.
Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Ленин қарапайымдылығы, Ленин карапайымдылыгы сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016