Ленин кабинетінде сөзі

Сырбай Мәуленов

0
0

Бөлісу:


Алдымда үлкен үй тұрды,
Аралап бәрін өтіп ем.
Жаңа шыққан сықылды
Ленин кабинетінен.
Столда толы хат-хабар,
Ұштаулы жатыр қаламы.
Осы бір қалам атқарар
Қаншама жұмыс бар әлі!
Күн міндетін тұр сезіп,
Жиналыс бар екіде.
Қалтада қолы, жүр кезіп
Ленин кабинетінде.
Столға қайта үңілді,
Қағазға ойын құй, қалам!
Шинель тұр төрде ілулі
Солдаттар бір кез сыйлаған.
Маңдайын ұстап ол неге
Ойланып қалды кенеттен.
Ойлан, жолдас Ленин,
Ойың ғой елді көгерткен.
Келе жатыр шаруалар
Өзеннің арғы бетінен.
Ленин шығып қабылдар
Өзінің кабинетінен.
Толғантты мені бір түрлі
Аралап бәрін өтіп ем.
Жаңа шыққан сықылды
Ленин кабинетінен.
1956
Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Ленин кабинетінде, Ленин кабинетинде сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016