Қызыл жыңғыл құшағында сөзі

Сырбай Мәуленов

0
0

Бөлісу:


Сонау бір алыс күндерде
Құшаққа алды бұл жерде:
Тізіліп тұрған тау көші,
Алғашқы күннің сәулесі,
Алғашқы жаңбыр тамшысы,
Алғашқы өмір әншісі,
Бетімнен мұнда желпіген
Алғашқы желдің лебі кеп.
Қараған тұңғыш көркімен
Алғашқы шық мөлдіреп,
Қараған тұңғыш тау гүлі,
Қараған тұңғыш таң нұры,
Есігін ашты алғашқы
Мен үшін Ай, Күн барлығы.
* * *
Бораны қырда ысқырып,
Болады онда қыс суық.
Аспаны жалтаң көк шыны
Аязы — қызыл үскірік.
Қып-қызыл бұлттай реңді,
Ал енді жазы басқаша.
Көгалы қандай, кілемді —
Керіп бір жайып тастаса.
Ақ гүлдер аузы ашылып,
Орайды жерді алқалап.
Бұлақты көзден жасырып,
Тұрады тоғай қалқалап.
Аспандай онда тұнған көл,
Қыздардай қызыл аршалар.
Дариға, өзім туған жер
Мен болып барсаң қарсы алар.
Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Қызыл жыңғыл құшағында, Кызыл жынгыл кушагында сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016