Қызғалдақ көктем сөзі

Сырбай Мәуленов

0
0

Бөлісу:


Суретші екен бұл көктем,
Қойыпты көкті өрнектеп.
Қарсы алды оны құрметпен
Күн шуақтап, жер көктеп.
Құлпырды қырда желкілдеп,
Көктемнің гүлі өрімдей.
Шалқиды желі еркіндеп,
Келешек күннің лебіндей.
Советтік біздің осы елдің
Қуатты жастық шағындай.
Қызғалдық көктем, қош келдің,
Жарқырап жүзің жалындай.
Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Қызғалдақ көктем, Кызгалдак коктем сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016