Қыз мұнарасы сөзі

Сырбай Мәуленов

0
0

Бөлісу:


Атылып мұнарадан қыз құлаған.
(Қадалып түйліккен шал — құзғын оған).
Жұтқанда жас аруды кәрі теңіз,
Кеудеге бұлтын жиып күз жылаған.
Түсірген жұрт еңсесін шер-мұңайтып,
Сұлу қыз көре алмаған елді қайтып,
Лақтырып тұңғиыққа тұншықтырып,
Толқындар көңіл айтқан кері қайтып.
Өмірден таусылған дәм-сыбағасы
Сол қызды қабылдаған су анасы.
Бакуде көк теңізден көзін алмай,
Әлі тұр мұңайып қыз мұнарасы.
Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Қыз мұнарасы, Кыз мунарасы сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016