Қыс келбеті сөзі

Сырбай Мәуленов

0
0

Бөлісу:


Жерді қармен құшақтап,
Келе жатыр қыс аттап.
Қаратайдың басына
Ұялаған құс аппақ.
Қайтқан бұлтты қайта айдап,
Алдына сап отардай.
Қыс келеді айқайлап,
Қой қайтарған шопандай.
Қыс қабағын ашпаған
Бір қария шашы аппақ.
Ағаштарды тастаған
Ақ қыраумен шашақтап.
Бір шал отыр шалжиып,
Ертек соғып ерінбей,
Көктем жатыр әл жиып,
Қар астында көрінбей.
Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Қыс келбеті, Кыс келбети сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016