Қырғыз тойында сөзі

Сырбай Мәуленов

0
0

Бөлісу:


Қабыл ал сәлем, жігіттер
— Алаулы сөзді қырғыздар,
Қабыл ал сәлем, шыбық бел
— Аяулы көзді гүл қыздар.

Қабыл ал сәлем, қариялар,
Шыңдардай басын қар басқан.
Қөңілі даңғыл дариядай
Бүгінгімен жалғасқан.

Қабыл ал сәлем, аналар,
Ұйықтатып жатқан жұлдызды.
Қабыл ал сәлем, балалар,
Гүл иісті, күн жүзді.

Бұл сәлем — қазақ сәлемі
Қырғызды сүйген жанындай.
Ғажап көл, ғажап таң елі,
Жасай бер ұзақ тауыңдай.
Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Қырғыз тойында, Кыргыз тойында сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016