Күзгі егіс сөзі

Сырбай Мәуленов

0
0

Бөлісу:


Кең далаға күз келген
Күрең тартқан дүз тегіс.
Ерек шығып өзгеден,
Көгереді күзгі егіс.
Күздігүні өзгерген,
Көгін көріп даланың.
Бейне адамдай сөз берген,
Жолдасыма қарадым.
— Бізде мәңгі көктемің,
Жауап осы сұраққа.
Өзі қолдан еккенін
Айтпады ол бірақ та,
Білем оның мінезін,
Айтпаса да түсінем.
Көргендеймін мен ізін,
Күзгі егістің ішінен.
1951
Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Күзгі егіс, Кузги егис сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016