Күз келді сөзі

Сырбай Мәуленов

0
0

Бөлісу:


Күз келді тартып шат күйді
Қалаға, ауыл, қыстаққа.
Шалқиды, егін шалқиды,
Комбайндар — стартта.
Қызыл күрең дидары
Көзге жылы ұшырап.
Күз келді қызыл бидайды
Құшағына қысып ап;
Еңбектің жүрген ізіндей
Егіннің десте — баулары.
Ерлердің жарқын жүзіндей
Қырманның қызыл таулары.
Толқиды егін далада
Алтын жалын жел үрлеп,
Жүзеді ашық ауада
Жарыстың туы желбіреп.
Адымдап бізбен келеді
Бұлтармай бұл күз, бұл дала.
Олар да рапорт береді
Москва, Политбюроға.
1952
Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Күз келді, Куз келди сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016