Күз еді... сөзі

Сырбай Мәуленов

0
0

Бөлісу:


Күз еді, тұрып едің жар басында,
Аунақшып жатты өзен арнасында.
Жас едім, жалқы едім, жалынды едім,
Қиырдан қолды создым жалғасуға.
Қолымды қайрылмастан кеттің серпіп,
Зырлапты содан бері көп күн өтіп.
Жауыпты талай жаңбыр қара жерге
Ала бұлт төгіп жасын мөлдіретіп.
Даланың секілді жас қызғалдағы,
Кездесті талай-талай қыздар-дағы.
Басқалар сүйсе сүйсін дегендей-ақ
Жас жүрек қызғанбады, қызғанбады.
Өткен күн сыбдырындай жаңғырығып,
Тек қана өзен жатыр жарын ұрып.
Күз еді... жар басында жапа-жалғыз
Сен жоқсың. Ойға батып қалдым тұрып.
Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Күз еді..., Куз еди... сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016