Құрылысшы қыз сөзі

Сырбай Мәуленов

0
0

Бөлісу:


Арманшыл асқақ талабы
Биіктен бақыт іздеген.
Шарлаған құстай ауаны
Аспаннан ақ бұлт — қыз көрем.
Құмармын оның әніне
Сырласқан алыс көкпенен.
Жердегі жанның әлі де
Қолдары оған жетпеген
Айналып таңның арайы,
Сипайды шашын кешкі бұлт.
Созғанмен қолын талайы
Сүйген жоқ оны еш жігіт.
Аударып қоныс асығыс,
Бір жерде тұрмай тұрақтап.
Киіктей ұшқыр осы қыз
Аспанды жердей жүр аттап.
Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Құрылысшы қыз, Курылысшы кыз сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

03.09.2016