Күрең жорға сөзі

Сырбай Мәуленов

0
0

Бөлісу:


Кей кезде түске кіреді,
Балалық шақтың кезеңі.
Даланың жасыл кілемі,
Торғайдың мөлдір өзені.
Ағынды күрең жорғамен
Ағызып жазық алаңда.
Жүремін кілең жолда мен,
Кеудемді тосып самалға.
Қалады талай жолда дөң,
Басына шығам биіктің.
Тосамын алдын жорғамен,
Жайылған белде киіктің.
Шұбалтып шаңмен жолдарды,
Жаңғыртам бүкіл жазды әнмен.
Жалынан сипап жорғамды,
Жарысам ұшқан қаздармен.
Ол күндер қазір армандай,
Көретін қызық түс түнде.
Балалық кетіп қалғандай,
Жорғаның со бір үстінде.
Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Күрең жорға, Курен жорга сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016