Құрақ сөзі

Сырбай Мәуленов

0
0

Бөлісу:


Жел сарнаған маңы у-шу,
Желбірейді бал құрақ
Қара терең, қанды су
Алдырмайды ал бірақ.
Түссең түпсіз шетінен
Түйетайлы тұңғиық.
Су шыныны бетінен,
Сыпырады күн қиып.
Ұқсайды көл лөкке
Қара бұлттай шудалы.
Жатыр мола жиекте —
Махаббаттың құрбаны.
Не деді екен өлерде,
Тыңдады екен зарын кім?
Тұрған құрақ тереңде,
Үкісі ме арудың.
Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Құрақ, Курак сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016