Күнбағыс сөзі

Сырбай Мәуленов

0
0

Бөлісу:


(Шоқанның қабірінде)
Қарайсың өткен күнге алыс,
Қабірді қайта айналып.
Жалғыз тұр сонда күнбағыс,
Күн күзетіп, ай бағып.
Алтын күн таудың алқабын,
Жүзгенде нұрға толтырып.
Бұлғайды сары қалпағын,
Биіктен сонау ол тұрып.
Талпынған солай күнге алыс,
Сағымын кешіп жапанның.
Әлде, сол жалғыз күнбағыс,
Арманы ма екен Шоқанның.
Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Күнбағыс, Кунбагыс сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016