Күн көзі сөзі

Сырбай Мәуленов

0
0

Бөлісу:


Тұманды аспан қар тастап,
Тұр еді кеше суытып.
Лақтырып қысты жамбасқа ап,
Күн шықты жерді жылытып.
Жапырақты жел тербеп,
Қайтадан ұшты шық қалмай.
Бұрқырап буы жер терлеп,
Моншаға түсіп шыққандай.
Жылылық жұртқа бермекке,
Құйылған нұрлы күншуақ.
Жетеді қалай жер-көкке,
Екеу де емес, бір шырақ?
Жерменен бірге жарысып,
Зырлаған заман кәрі күн.
Алмаған қалай тауысып,
Миллион жылдар жарығын?
Бүркесін тұман, жапсын бұлт,
Бәрібір жайнап ол шығар.
Қартаймай жеткен жақсылық,
Бәрімізге сол шығар.
Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Күн көзі, Кун кози сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016