Құмдағы қызыл аршалар сөзі

Сырбай Мәуленов

0
0

Бөлісу:


Сары дала төсінде
Сары дария — сары құм,
Күш керек онда өсуге,
Аршаға жайып тамырын.
Жарыққа, нұрға жетуге
Іздеді ол қанша жол тынбай,
Сары дария бетінде
Жүзеді қызыл толқындай.
Берілмей талай күштіге
Ерлігі аңыз жыр болып,
Жанады ол құмның үстінде
Түнде де маздап күн болып.
Көзіндей көне бабамның,
Құрдасындай баламның,
Аршалар, айтшы, сендердей
Жақынды қайдан табармын.
Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Құмдағы қызыл аршалар, Кумдагы кызыл аршалар сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016