Көздердің қарашықтары сөзі

Сырбай Мәуленов

0
0

Бөлісу:


Осы бір қара көздерде
Мейірім, жылы күлкі бар.
Атылар кейбір кездерде
Ашу бар,
аспан бұлты бар.
Жүгіріп жатқан ағын бар,
Құбылып жатқан сағым бар,
Сақылдап жатқан дауыл бар,
Лапылдап жатқан жалын бар.
Реніш, қайғы, рақым -
Тоғысқан барып әммесі.
Көз-айна толқып тұратын
Сезімнің бүкіл сәулесі.
Бар онда көктем гүлдері,
Бар онда ауа шықтары.
Адамның жанған күндері -
Көздердің қарашықтары.
Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Көздердің қарашықтары, Коздердин карашыктары сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016