Қош бол, тобыл аруы сөзі

Сырбай Мәуленов

0
0

Бөлісу:


Менмін адал ар ұлы,
Қазғаным жоқ саған ор.
Қош бол, Тобыл аруы,
Қош бол енді, аман бол!
Сөніп қалған жалыны
Саған деген күз ішім.
Қош бол, Тобыл аруы,
Ай да тумас біз үшін.
Кірлеп босқа жанымды
Таға алмассың маған мін.
Таптағам жоқ арыңды
Алдағам жоқ, адалмын.
Қалдым аман жалыннан
Жауынсыз жаз өртенбей.
Қалдым аман ағыннан
Құшағында ерте өлмей.
Сен кездестің болып у,
Қайдан табам дәріні...
Қиын енді жолығу
Қош бол, Тобыл аруы.
Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Қош бол, тобыл аруы, Кош бол, тобыл аруы сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016