Қош бол, қайран ардагерім сөзі

Сырбай Мәуленов

0
0

Бөлісу:


Алатаудың түнеріп төңірегі,
Бүкіл дала еңіреп егіледі.
Кеудеде бір бұлт атып найзағайын
Жаңбыр болып көзден жас төгіледі.
Өлмейтін жан елімнің ұғымында,
Душар болды ажалдың құрығына.
Абай бүгін қайысып қабырғасы,
Теңселеді тұра алмай тұғырында.
Қара жердің қатыгез алды қойны,
Кетті ортадан кемеңгер алғыр ойлы.
Талай бәйге кезінде топты жарып,
Биік ұстап өтті ол абыройды.
Сөйлетуге жер-көкті келді әлі,
Талантына таң қалды елдің бәрі.
Қаламынан шыққанды қағып алып,
Қайталады қайтадан жердің шары.
Оның асқақ тәкаппар шың қиялы,
Сахараға қондырды Индияны.
Дүние жүзін қаусырған данышпаным,
Жатасың-ау жастанып бір қияны.
Туған жерің теңселді, Мұха, бүгін,
Ауыр аза тұнжырап тұтады күн.
Бірақ өлмес өмірің сайрап жатыр,
Дана ойлы бетінде кітабыңның.
Жарық жұлдыз секілді ғарыштағы,
Сен жетесің күндерге алыстағы.
Қош бол, қайран ардагер, асыл адам,
Қалың елдің қадірлі данышпаны.
Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Қош бол, қайран ардагерім, Кош бол, кайран ардагерим сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016