Қорқақ сөзі

Сырбай Мәуленов

0
0

Бөлісу:


Егін жайда еңбек етпей жанжал сап,
Ақыл айтқан өз досына қанжар сап,
Су жүректей қашқан майдан шебінен
Зытты қорқақ түн ортасы ауған шақ.
Үрейленіп қашты ол қалың нулардан,
Үрейленіп қашты ол ағын сулардан,
Қуды оны көлеңкесі өзінің,
Қалтырады көрсе жалын қырлардан.
Жүрді алақтап жамылып түн түнегін,
Тосты оны аяқ басса мың өлім.
Шіркін оған бұйырмады жалғанда
Адалдықпен өлетұғын бір өлім.
Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Қорқақ, Коркак сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016