Көрінсейші күн болып сөзі

Сырбай Мәуленов

0
0

Бөлісу:


Көк бұлттың кемерінен
Көрінсейші күн болып!
Ауыр күнді атқарсайшы,
Өзімменен бір болып!
Күннің көзін тасалайды
Кесек-кесек бұлт бүркеп.
Қара ормандар теңселеді
Әлденеге тітіркеп.
Қанды майдан күркірейді
Шабуылға шақырып.
Елім үшін, сенің үшін
Жатыр оқтар атылып.
Көк бұлттың кемерінен
Көрінсейші күн болып!
Ауыр күнді атқарсайшы
Өзімменен бір болып!
1942
Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Көрінсейші күн болып, Коринсейши кун болып сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016