Көпір сөзі

Сырбай Мәуленов

0
0

Бөлісу:


Жоқ оған көктің бөтені,
Бұлттар да жайлы мекені.
Тұр оны бірдей көтеріп,
Жер менен аспан екеуі.
Шыдайды ол зілдей салмаққа,
Палуандай жатыр шалқалап.
Өлеңді, нанды ар жаққа,
Тасиды тынбай арқалап.
Жалғайтын екі жағаны,
Тартылған осы жол тыңнан.
Көтеріп бізді барады,
Көкала жалды толқыннан.
Тұтасқан көпір шартарап,
Тұтасқан көпір айнала.
Көпірлер бізді арқалап,
Апарар бір күн Айға да.
Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Көпір, Копир сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016