қоңыр кеш
Көк шымылдық ашылған.
Мөлдір кеш, нәзік со бір кеш
Бардай-ақ сыры жасырған.
Шашағын жасыл тал жайып,
Құрақтар төмен иілген.
Нәзік жан дүние ғажайып
Атлас жібек киінген.
Өзіңе-өзің қалып таң,
Боласың сонда бір түрлі.
Құйылғандай ғайыптан,
Ғажайып үндер сиқырлы.
Көңілге бір күй қонғандай,
Шабыттан шақпақ от түсіп.
Кетсең де қазір болғандай
Жеп-жеңіл кеште көкке ұшып. Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Қоңыраулы өзен, қоңыр кеш, Коныраулы озен, коныр кеш сөзі, 0 Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store