Комиссар туралы жыр сөзі

Сырбай Мәуленов

0
0

Бөлісу:


Штабтан қайттық қыс күні,
Борайды боран далада.
Борайды қардың ұшқыны
Жұлдыздай қонып жағаға.
Қалмайды боран ілесіп,
Барады лебі бойды алып.
Жылыну үшін күресіп,
Лактырып қарды ойнадық.
Қалғандай соғыс жайына,
Келеміз оны сезінбей.
Жоқ енді бізде айырма
Секілді ол да өзімдей.
–Аласың хатты сен қанша?
Салады хатты неше қыз?
–Келіншектер болмаса
Жарлы еді қызға көшеміз...
Қуланып қатал бұйырып,
–Айт, – дейді, – бәрін жасырмай! Күледі қайта жымиып,
Бар еді жаны осындай.
Шіркін, біздің комиссар
Александр Любимов.
Ағамыздай болды дәл
Соның үшін сүйді жұрт.
Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Комиссар туралы жыр, Комиссар туралы жыр сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016