Көктем тасқыны сөзі

Сырбай Мәуленов

0
0

Бөлісу:


Алғашқы аспан күркірі
Салютіндей көктемнің.
Дүниенің бар түкпірі
Құшағында көктердің.
Қөтеріп дала жасыл гүл
Көктем күнін қарсы алған.
Тек қана таудың басы тұр
Маңдайын мәңгі қар шалған.
Сусындап көктің бұлтына
Бұрқана ағып тас бұлақ.
Басынан таудың шықты ма?
Жарысып, ойнап бас құрап.
Әйтеуір қатты ағыны
Бойында нәрлі бір күш бар.
Сарқылып әбден сабыры
Болады оған гүл құштар.
Сүйесің сен де бұлақты,
Секірген шапшып тасқыны,
Жатқандай сонда қуатты
Өмірдің жалын жастығы.
Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Көктем тасқыны, Коктем таскыны сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016