Көктем сұлу келеді сөзі

Сырбай Мәуленов

0
0

Бөлісу:


Далаға жайып көк жібек,
Өзен боп өзі мөлдіреп,
Гүл болып қызыл желбіреп,
Көктем сұлу келеді,
Құшағын жайып елжіреп.
Жыл құсымен қиқулап,
Бұлағымен бұрқылдап,
Көктем сұлу келеді,
Балбыратып денені,
Бойды билеп, сиқырлап.
Жанында бұлақ гурілі,
Жапырақтардың дірілі,
Өзеннің ерке сыбыры,
Көктемді алды көтеріп,
Жаны көктем жыр ұлы.
Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Көктем сұлу келеді, Коктем сулу келеди сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016