Көктем көрінісі сөзі

Сырбай Мәуленов

0
0

Бөлісу:


Қара бұлт қарақұстай қанат қағып,
Алатау қатпар-қатпар қабаттанып,
Күңіренген күн астында қылт етеді,
От тілін найзағайдың жалап қалып.
Көкжиек ұштасты да көлге келіп,
Кенеттен тына қалды жел бөгеліп.
Шатынап шарт сынды бір ашулы күн
Аспаны аунап жерге дөңгеленіп.
Жасаурап әлденеге тұрды көзі,
Күннің де қызық екен бұл мінезі.
Көз жасын еркелікпен төгіп алып,
Артынан жас баладай күледі өзі.
Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Көктем көрінісі, Коктем кориниси сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016