Көктем келеді сөзі

Сырбай Мәуленов

0
0

Бөлісу:


Көктем келеді, келеді
Қызылды-жасылды
Қызғалдақпенен.
Қырдан гүлдер тереді
Қыздар баппенен.
Қара көздер жайнап жанады
Далада қос-қос шырақ боп,
Желменен ойнақ салады
Бұрымдары қара бұлақ боп.
Нәзік бір үнмен ауаны сызып,
Төгіліп жастық көз шарасынан,
Аққулар - қыздар ағады жүзіп
Жасыл гүлдердің арасынан.
Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Көктем келеді, Коктем келеди сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016