Көқ сеңгір сөзі

Сырбай Мәуленов

0
0

Бөлісу:


Жатырсың сен қарайып,
Жер бетінде бір меңдей.
Тағып маған тау айып,
Тау деп айтсам күлгендей.
Тау шығарсың жасыңда
Бойың көкпен таласқан.
Қар ұялап басыңда
Бұлт шыңында адасқан.
Бір кездегі алып шың
Жаңбыр ойып, жел күреп,
Шөге-шөге қалыпсың
Шынтағыңмен Жер тіреп.
Жасап кейде шет-пұшпақ
Күліп саған басқа тау.
Жастық шағын бетке ұстап,
Айта берсін босқа дау.
Құр бекерге қамығып,
Сен мұңайып жасыма.
Келер әлі кәрілік
Олардың да басына.
Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Көқ сеңгір, Кок сенгир сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016