Көк аспанға көз тігіп сөзі

Сырбай Мәуленов

0
0

Бөлісу:


Қөк аспанға көз тігіп,
Ай нұрына малынып.
Жапырағын қайыңның
Жатырмын мен жамылып.
Жарқырайды жұлдыздар,
Жамырайды жас орман.
Күрсінеді көк өзен
Жанарынан жас тамған.
Жарығында жанған от,
Көзін алмай бір хаттан,
Отыр жалғыз оңаша,
Ойға шомып солдат жан.
Туған елдің сәлемін
Кім жіберген хатқа орап.
Солдат ойы алыста,
Солдат ойы шартарап.
Көк аспанға көз тігіп,
Жапырақты жамылып.
Сол солдатқа қараймын,
Мен де сәлем сағынып.
1942. Волхов майданы
Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Көк аспанға көз тігіп, Кок аспанга коз тигип сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016