Келес сөзі

Сырбай Мәуленов

0
0

Бөлісу:


Тербеді Келес бір ай сырлар айтып,
Мен оны сыйғызармын жырға қайтып.
Су мені толқынымен сылап-сипап,
Арқамды сүйе берді күн қарайтып.
Алсын деп бәрін құйып зердесіне,
Шығарды кішкене тау кеудесіне.
Жарасып жақсылардан достық таптым,
Бұйырды талай үйден жел несібе.
Тал түсте Керімсалдың отты желі,
Лебімен талай желпіп өтті мені.
Хош Келес, алдан шығар өлең болып,
Ақынның өзінде өткен кеп күндері.
Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Келес, Келес сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016