Қазан университеті сөзі

Сырбай Мәуленов

0
0

Бөлісу:


Толқығалы Волга жатыр,
Күн күркіреп, от төгілсе,
Әлі талай жолдар жатыр
Володя Ульяновқа —
Ленинге жеткенінше.
Сібірді орап, Байкал асып,
Жатыр жолдар тайталасып,
Келеді жас бала жігіт
Дауылдар мен толқындарға
Омырауын айқара ашып.
Ойлайды ол дос ағасын,
Өткен күннің жатта бәрі,
Университет сатысы емес
Революция босағасын
Келеді ол аттағалы.
Тұрса-дағы білімі асып,
Тең достардың ол бәрімен.
Тарих күндей нұрын шашып,
Көтермекші биікке оны
Ғасырлардың қолдарымен.
Өмір өзен тарауларын,
Күндіз-түні жатпай оқып
Келер күннің шұғыласымен
Жазады ол жан арманын
Жерді жазу тақтайы етіп.
Әр үйлердің бөлмесіне,
Жағу үшін өмір шамын,
Өткізеді кірпік ілмей,
Құйып алып зердесіне
Қызыл тудай Еділ таңын.
Ол отырған парта бос тұр,
Жетімсіреп мұңын шағып,
Көрінбейді ол бүгін нағып?
Маркспенен қатарлас тұр
Ленин болып Ульянов!
Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Қазан университеті, Казан университети сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016