Қазалы хат сөзі

Сырбай Мәуленов

0
0

Бөлісу:


Ақсақалды қария
Оқышы деп берді хат.
Қандай қызыл сиямен
Жазылыпты жаманат.
Оқталсам да неше рет
Өлдіге аузым бармады,
Қара көзім жасаурап
Қайғы оты лаулады.
Нарттай жүзім құбылып,
Жүрегім кетті дірілдеп.
Үн шығармай ішімнен
Оқи бердім күбірлеп.
Хатта нендей хабар бар
Қояды төзбей шал сүрап.
«Ұлың аман, ақсақал!»—
Дедім даусым қалтырап.
Жалғыз өзім жүргенде
Қиял болып серігім.
Айтатындай бір сөзді
Күбірлейді ерінім.
1944
Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Қазалы хат, Казалы хат сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016