Қазақтың чайковскййі сөзі

Сырбай Мәуленов

0
0

Бөлісу:


(Мұқан Төлебаевқа)
Көктемің келді өзіңнің
Сызылтып тағы сиқырлы ән.
Көктемдей еді сезімің
Ояншы, досым, ұйқыңнан,
Ояншы, досым, ұйқыңнан!
Қабағы таудың қатулы
Қапсырған қара бұлт төніп.
Ұзатып жолға ақырғы
Алматы саған шықты еріп,
Алматы саған шықты еріп!
Жүлдені алған ол бұрын,
Жүйрігім еді жоқ теңі.
Өмір-ау сенің өндірің
Талантты сондай көп пе еді?!
Талантты сондай көп пе еді?
Тоқта, ажал — азалы үн!
Артыңда қанша күй қалды.
Басыңда сыңсып зарлы өлең
Қия алмай елің қиналды!
Қия алмай елің қиналды!
Тоқта, ажал — азалы үн!
Өмірдің шалқып ес күйі!
Қош бол, қайран сабазым —
Қазақтың Чайковскийі!
Қазақтың Чайкосскийі!
Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Қазақтың чайковскййі, Казактын чайковскййи сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016