Қарттық пен жастық сөзі

Сырбай Мәуленов

0
0

Бөлісу:


Қызды көрдім билеген «От» биіне,
Тұрды алдымда мұңлы дана дүние,
Тұрды алдымда нұрлы жаңа дүние,
Еліктірді екеуі де күйіне.
Бірде су боп сылдырлап үн қатқандай,
Бірде орманнан жапырақ ұшып жатқандай.
Бірде аспанға алтын көпір тартқандай,
Бірде жұлдыз жалт-жалт етіп аққандай.
Бірде дауыл, бірде лаулап от шалқып,
Бірде дабыл, бірде садақ көк тартып,
Бірде Үнді мұхитындай атылып,
Шапшиды кеп найзағайдан от тартып.
Кейде жеңіл періштедей қимылы,
Кейде қоңыр теріскейдей би мұңы,
Үндістанның жайған қарттық,
жастығын
Бұл таланттың қайталанбас сыйлығы,
Барлық тарих солай бимен оқылды,
Бишіл ерке қасыма кеп отырды.
«Оттың» биі біткенменен,
не керек,
Сөндіре алмай отырмын мен отымды.
Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Қарттық пен жастық, Карттык пен жастык сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016