Қарауыл төбе сөзі

Сырбай Мәуленов

0
0

Бөлісу:


Шыққан ерлер бұл төбеге
Батырлықтың жалауын ап,
Шыққан ерлер бұл төбеге
Төңіректі қарауылдап.
Биігінен көрінеді
Сыр бойының әр адыры.
Сондықтан да осы төбе
Атанған жер қарауылы.
* * *
Сүйдім сені, сүйдім сені беріліп,
Сүйдім сені көз жасыммен егіліп.
Сүйдім сені таңғы самал жел болып,
Сүйдім сені тамшы болып төгіліп.
Сүйдім үнсіз қап-қараңғы аспандай,
Сүйдім тілсіз, қатып қалған тастардай.
Сүйдім бұлттай мең-зең болып сіресіп,
Тұрып қалған көздерінен жас тамбай.
Сүйдім сені жаңбыр күткен даладай,
Сүйдім сені ұлын күткен анадай.
Ертелі-кеш көк теңізге телміріп,
Сүйдім сені толқын күткен жағадай.
Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Қарауыл төбе, Карауыл тобе сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016